ҚАЙДАН

lat: QAIDAN /46/

есім. 1. Қай жақтан, қай жерден.

Су сұраса, сүт берген, айран берген,

Қартайып қалыпсың-ау, қайран жеңгем!

Қарғаның валетіндей едірейіп,

Қасыңа мына біреу қайдан келген? (2,24).

Жолдар қайсы, бостандыққа баратын?!

Қайда шара, қайда айла, әрекет?!

Адамдардың басын сатып алатын,

Қайдан шықты ақша дейтін бәлекет?! (2,48).

2 . Қалай, қайтып .

Ойдым-ойдым құм шағыл, қайдан қонсын,

Аэродром отарда қайдан болсын.

Қона алмай жүр айналып ақ қанат құс,

Дала мейлі кілемін жайған болсын (2,247).

Түсінсіп қайдан сөзіме,

Айтыппын текке шығындап.

Көрінбей менің көзіме

Зарланып жатты шырылдап (1,32).